KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 3 м/с, З
509.84 595.75 6.47

Түркі өркениетінің алтын мұрасы Өскеменде!

pexels.com

20.11.2024, 11:30 470 Төлеуғазы Жансая

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде маңызды тарихи оқиға орын алды. Ежелгі дала өркениетінің көрнекті ескерткіші – түркі қағанының алтыннан жасалған бейнесі музей қорын толықтырды. Бұл құнды жәдігерді ШҚО Тарбағатай ауданындағы Қаған кешенінен белгілі археолог, т.ғ.д., профессор Зайнолла Самашевтің жетекшілігімен археологиялық қазба жұмыстары барысында тапқан.

 

Заманауи ғылыми-танымдық жаңғыртпасын жасаған суретші, этнограф-қарутанушы Қалиолла Ахметжанның еңбегімен, бұл жәдігер музейіміздің «Ұлы дала алтыны» залында арнайы көрмеге қойылды.

Көрме сіздерді түркі дәуірінің ұлы мәдениеті мен рухани мұрасымен жақынырақ таныстырып, ата-бабаларымыздың тарихи мұрасының құндылығын сезінуге шақырады. Ежелгі билеушілердің салтанатын бейнелейтін бұл баға жетпес жәдігерді көруге асығыңыздар!

Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, Өскемен қаласы.
Көрме мерзімі: Қараша айының соңына дейін.
Уақыты: Күн сайын 10:00-ден 18:00-ге дейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу