KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Қоғамдық орындарда ішімдікке тыйым: 107 мың құқықбұзушылық тіркелді

Фото: pexels.com

26.07.2025, 16:00 321 Гульжан Мусина

Қазақстанда ішімдікке тәуелділік пен оның салдары алаңдатарлық деңгейге жетті. Бұл мәселе Құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында көтерілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің айтуынша, жыл басынан бері қоғамдық орындарда ішімдік ішуге қатысты 107 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелген. 11 мың адамға алкоголь қолдануға тыйым салынған, ал 402 елді мекен алкогольден бас тартқан. Министр қоғамда ішімдікке төзбеу мәдениетін қалыптастыру үшін халықтың қолдауы маңызды екенін атап өтті.

Полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына да тосқауыл қоюда. Биыл 7 мыңға жуық заңбұзушылық анықталып, кәсіпкерлерге 370 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Сонымен қатар 2 252 сауда нысаны лицензиясынан айырылды.

Алайда, кейбір кәсіпкерлер лицензияны үшінші тұлғаларға рәсімдеу немесе барлардың атын жамылып, тәулік бойы ішімдік сату арқылы заңды айналып өтуде.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі бірнеше ұсыныс жасады:

  • алкоголь өнімдерін сатуға лицензия беру талаптарын күшейту;
  • ішімдікті тек жұмыс уақыты шектеулі арнайы дүкендерде сату мүмкіндігін қарастыру.

Министрлік бұл шаралар қоғамдық тәртіпті сақтау мен алкогольге тәуелділікпен күресуді күшейтеді деп сенеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу