KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда пластик пакеттерден бас тарту ұсынылды

29.03.2019, 06:48 76

 

Сенаторлар пластик пакеттерді өндіру, импорттау мен сатуға тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Пленарлық отырыста сенатор Сәуле Айтпаева үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Ол 22 сәуір - Халықаралық Жер күнінде еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірақатар шаралар атқаруды ұсынды.

 

-Еліміздің жерін пластик нысандардан, құрылыс басқа да қоқыстарынан тазарту бойынша акция өткізуге шақырамын: далаларда, саяжай аумақтарында, авто-темір жол тораптарында. Қалыңдығы 15 микроннан асатын пластик пакеттірді өндіруге, импорттауға және сатуға тыйым салу қажет, - дейді сенатор.

 

Сондай-ақ, сенаторлар әр аймақта малтатастан сенсорлы жолдар салуға орындар бөлу мүмкіндігін қарастыруды да сұрап отыр. Мұндай жол түрлі тастар мен өзге де материалдарды іріктеп, цементтеуге бағытталған. Ол жолмен жүрген адамның табанына массаждың әсері беріледі..

 

Осындай шараларды 22 сәуірде бастап, тұрақты түрде атқарып тұру ұсынылып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив