Өскеменде төбелескен қыздарға қатысты сот үкімі шықты
Өскемендегі сауда үйлерінің бірінде өз құрдастарын аяусыз соққыға жыққан қыздарға қатысты сот үкімі шықты.
Аталған іс бойынша 14 қыз тергеуге алынып, тек үш бойжеткен айыпталушы деп танылған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы бұзақылық жасау) ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 1,2-тармағы (күш қолдану, адамдар тобы алдын ала сөз байласуы арқылы бопсалау) бойынша жүргізген болатын.
Нәтижесінде, күдікті деп танылған 2 бойжеткенді үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ал үшінші қызға бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына 9 000 000 теңге сомасында моральдық зиянды өтеу өндірілгенін атап өтті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.