KZ
Өскемен
-26°
переменная облачность жел 2 м/с, С
510.43 594.86 6.49

Ертістің жағасынан ителгі ұстаған адамға қатысты сот шешімі шықты

24.11.2020, 16:25 596
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Ертіс жағасынан екі бірдей ителгі ұстап алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскемендегі №2 соттың мәлімдеуінше, бұл оқиға қазан айында болған. Қала тұрғыны қызыл кітапқа енген құстарды қолға түсіріп, үйінде ұстаған. Сирек кездесетін, тіпті құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған қанаттыларды заңсыз олжалағаны үшін ер азамат жауапкершілікке тартылды.  

– Оған қатысты қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот дәлелдемелерді зерттеп, сотталушының кінәсі толық дәлелденді деп есептеді. Жаза тағайындау кезінде сотталушының кінәсін мойындағаны, жасаған ісіне өкінетіні ескерілді, – деп мәлімдеді №2 соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімімен айыпталушының бас бостандығы шектелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу