ШҚО-да жаяу жүргіншілерге жол бермейтіндерді ұстап жатыр
Шығыс Қазақстан облысының аумағында 1-3 шілде аралығында «Жаяу жүргіншілер өтпесі» профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған ЖПІШ аясында жол жүрісі қағидаларының өресел бұзушылықтарының жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізіледі, оның ішінде жаяу жүргіншілер өтпесінен өтуге, сондай-ақ басып озу, маневр жасау, қауіпсіздік белдігін және балаларды ұстауға арналған құрылғыларды пайдалану қағидаларын, жылдамдық режимін бұзушылықтарға ерекше назар аударылатын болады.
Анықтама түрінде: 2021 жылдың 6 айында облыс жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 115 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 10 адам қаза тауып, 109 адам әртүрлі жарақаттар алды.
Жылдың басынан 120 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде
- жаяу жүргіншілер өтпесінен өту– 5017 бұзушылық,
- мас күйде КҚ басқару– 885 бұзушылық,
- телефон пайдалану– 8075 бұзушылық,
- қарсы қозғалыс жолағына шығып кету - 614 бұзушылық,
- Жаяу жүргіншілердің ЖЖҚ бұзулары – 19 605 бұзушылық.
Аталған іс-шара апаттылықтың профилактикасына және оны төмендетуге бағытталған.