KZ
Өскемен
-12°
туман жел 3 м/с, В
509.63 592.34 6.54

Зайсандағы қыстақтардың бірінен өрт шықты

2.06.2021, 14:27 180

Зайсан ауданында «Ақсу» қыстағының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке тұрғын үйдің ауласындағы шаруашылыққа арналған ағаш конструкциялар өртенген. Құтқарушылар келгенше түтіннен 4 бұзау өліп   қалған.

-   Құтқарушылар 20 шаршы метр алаңдағы отты, сондай-ақ 100 шаршы метр алаңдағы жанып жатқан қоқысты сөндірді. Шығыс Қазақстанда 2021 жылдың басынан бастап отты абайсыз қолдану салдарынан 206 өрт болды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу