Тұрақта тұрған көліктердің қосалқы бөлшектерін 5 жылдан бері тонап жүрген - Өскемен
Айлакер 2016 жылғы тамыздан бері қала дүкендерінің бірінің жанына қойылған екі автомобильдің қосалқы бөлшектерді ұрлап жүрген, деп хабарлайды ШҚО ПД Баспасөз қызметі.
Материалдық шығын 1 млн. теңгені құрады.
- Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қаланың 46 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді, - дейді ШҚО ПД Баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз