KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
509.94 593.88 6.43

Ұлан ауданында Сенат депутатымен кездесу өтті

Кеше, 14:00 92 Базарова Айгүл

Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде Парламенті Сенатының депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтов аудан тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты. Басқосуда ұландықтар бірқатар өзекті мәселе тізбегін талқылап, ұсыныс-тілектерін жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікке қолдау, коммуналдық қызметтер, медицина және тұрғындардың тұрмыс сапасына әсер ететін түйткілді сұрақтар көтерілді. Қоғамдық ұйым өкілдері, ардагерлер, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшылары өз ұсыныстарын жеткізді.

Сенат депутаты тұрғындар тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстар алдағы уақытта қарастырылатыны жеткізілді. Жұмыс сапары аясында Шәкәрім Бұқтұғұтов «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша салынған жаңа медициналық орталықтың жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, жаңғыртудан өткен «Сыбаға» ет және сүт өнімдері дүкенін аралап, кәсіпкерлерді қолдау мәселелеріне тоқталды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу