Грузиядан келген "дальнобойщик" Өскемен-Семей тасжолында қалып қала жаздады
9 ақпан күні сағат 10:30 шамасында борттық нөмірі «137» экипажының құрамы Өскемен-Семей автожолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылады.
Өскемен - Семей автожолының 17 шақырымында бұрылған кезде шұңқырға түсіп кеткен «DAF» маркалы жүк көлігін байқаған. Полицейлердің жедел іс-қимылдарының арқасында 27 жастағы шетелдік қонаққа көмек көрсетіліп өз отаны Грузияға жол тартқан.
Жолда кетіп бара жатып өзіне көмек қолын созған полиция қызметкерлері үшін Полиция департаментіне өзінің алғысын білдірді.
Айта кетейік, қыс басталғаннан бері облыстың автомобиль жолдарында патрульдік полицейлер 127 жол қозғалысына қатысушыларға көмек көрсеткен.