Сарыбелдегі өрт ауыздықталды – Самар ауданы

Самар ауданында Сарыбел округінің Чикееа учаскесінде шөп өртеніп, тілсіз жау бірнеше күн бойы біраз әбігерге салды.
5 тамызда учаске аумағында өрт тұтанып, 42 га жерді жалын шарпыды.
- 9 тамыз сағат 09.55-те Сарыбел округіндегі Чикеев учаскесіндегі өрт толықтай жойылды. Қауіпсіздік мақсатында орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері аумақты күзетеді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2 күн бойы өрт ауыздықталмаған соң, 7 тамызда көмекке Өскеменнен қосымша өрт сөндірушілер барған.
Жалпы барлығы ТЖД-ның 33 қызметкері, жергілікті атқарушы органдардан 44 адам және орман шаруашылығынан 17 адам, сондай-ақ 10 техника жұмылдырылды.