KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Соңғы 7 жылда Абай облысына 2 трлн. теңгеден астам қаржы құйылды

14.07.2022, 15:08 288

2015-2022 жылдар аралығында Шығыс қазақстан облысы республикалық бюджеттен 390 млрд. теңге даму трансфертін алды, оның ішінде, енді Абай өңіріне 200 млрд. теңге бағытталды. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қосымша 154 млрд.теңге бөлінді. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифинг барысында мәлімдеді.

– Біз ірі жобаларды іске асырдық, олар: қуаттылығы жылына 50 млн. тонна мыс кенін, инвестиция көлемі 760 млрд. теңгені құрайтын Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты, өнімділігі жылына 2 млн. тонна алтын кенін, инвестиция көлемі 134 млрд. теңгені құрайтын Бақыршық тау-кен байыту комбинаты, қуаттылығы жылына 300 мың тонна, инвестиция көлемі 8 млрд. теңге болатын Семей қаласындағы өсімдік майын өндіретін май экстракциялық зауыты, – деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов ОКҚ алаңындағы брифинг барысында.

36c9e062-618d-40a7-9455-65576c02db1a.jpg

Сондай-ақ, аймақ басшысының айтуынша, жеті жыл ішінде Абай өңірі бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5 есеге, Ауыл шаруашылығын 2,4 есеге арттыруға қол жеткізілді.

– ШҚО-ның жалпы көлеміндегі Абай облысының жалпы өңірлік өнімінің үлесі 36 пайызды құрап, 1,9 трлн-ға жетті. бұл 2015 жылғы деңгейден 2,3 есе көп. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2,9 млн. теңгені құрайды, – деп толықтырды Д.Ахметов.

Сөз соңында облыс әкімі Абай өңіріне барлығы 354 млрд. теңге бюджеттік инвестиция салынғанын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу