KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

«Алтай» футбол клубы Өскеменге қайтады

30.06.2022, 18:33 197

«Алтай» бір кездері КСРО чемпионатына қатысу үшін «Торпедо» мен «Металлург» екі командасының бірігуінің нәтижесінде пайда болған. Клубтың Шығыс Қазақстанның орталығына қайта оралуы тарихи оқиға болып отыр. Клуб келесі жылы 60 жылдығын атап өтпек.

Өз тарихында футбол клубы чемпионаттар мен кубоктардың бірнеше дүркін жеңімпазы болды, әрине, жеңіліс те, түрлі шулы оқиғалар да болды.

60 жылдық тарихы бар клубтың туған жерге оралуы жай ғана қоныс аудару емес, бұл - "Алтай" командасының тарихындағы жаңа парақ. Жеңіс алда, өйткені, қазір тәжірибелі де кәсіби бапкерлердің жетекшілігімен Өскеменде дарынды балалар тегін жаттығып жүр. Олардың арасынан болашақ Месси мен Роналдулар да шығып қалуы ықтимал. Дегенмен бүгінде ШҚО-да футболды дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр.

Айта кетейік, 30 маусымда «Восток» стадионында клубтың «SD Family» ФК-мен алғашқы ойыны өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив