ШҚО: Республикалық маңызы бар тас жол ашылды
ШҚО-да 9 қаңтар 07.00-дегі жағдай бойынша 3 жол учаскесі әлі де жабық.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар 5 жол учаскесінде тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне шектеу қойылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Республикалық маңызы бар:
1. Ушановское ауылы-Алтай қаласы (қар көшкіні қаупі)
Облыстық маңызы бар:
2. Тарғын - Самар
3. Шемонаиха-Секисовка
Автобустар, тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне:
- Предгорное ауылы-Шемонаиха қаласы (тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне);
- Қалбатау ауылы – Қ.Қайсенов (тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері және автобустар үшін);
- Герасимовка – Абай облысы (тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері және автобустар үшін);
- Белоусовка – Риддер (тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне);
- Шемонаиха – РФ шекарасы (тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері және автобустар үшін) шектеу енгізілді.
Сонымен қатара, "Қазақавтожол" ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша 08-45 бастап республикалық маңызы бар "Өскемен-Семей "(10-198 км Герасимовка ауылы-Семей қаласы) тас жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашық.