KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
512.81 604.19 6.57

ШҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар мектеп қашықтықтан оқытуға ауысты

22.12.2025, 07:30 83 Базарова Айгүл

Алтай ауданында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 22 желтоқсан күні білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібіне уақытша өзгерістер енгізілді. Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы –28 бен –36 градус аралығында болады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Осыған орай 1-ші және 2-ші ауысымда оқитын 0–4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі. Аталған шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Қашықтықтан оқыту төмендегі білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады:

– «Соловьев орта мектебі» КММ;

– «Чапаев орта мектебі» КММ;

– «Новокрестьянка бастауыш мектебі» КММ.

Ата-аналар мен оқушыларға сабақтардың онлайн форматта ұйымдастырылатыны туралы қосымша ақпарат мектеп әкімшіліктері арқылы жеткізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу