KZ
Өскемен
-31°
плотный туман Штиль
520.02 608.79 6.57

Жалақы мөлшері қай өңірде жоғары?

18.06.2019, 04:05 590

Елімізде 2019 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168,5 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Ranking.kz сайты.

Нақты жалақы индексі алдыңғы тоқсанда 94,2 пайызды, ал өткен жылдың бірінші тоқсанында 105,2 пайызды құрады.

Өңірлер арасында орташа айлық жалақы бойынша Атырау облысы көш бастап тұр – бір қызметкерге 322,7 мың теңгеден келеді.

«Екінші орында – Маңғыстау облысы, онда әр қызметкер шамамен 287,9 мың теңгеден жалақы алады. Көшбасшылар үштігін Нұр-Сұлтан қаласы түйіндейді. Елорданың көрсеткіші 233,5 мың теңгеге тең» деп хабарлайды ақпарат көзі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу