KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

ШҚО-да төтенше жағдай режимі алынды

14.01.2022, 15:37 2 423

Шымкент қаласы және Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимін алып тастау туралы қаулы шықты. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес мына өңірлерде 2022 жылғы 14 қаңтардағы сағат 18.00-ден бастап ТЖ режимі алып тасталады:

  • Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
  • Шығыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың жойылсын.
  • Қарағанды облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
  • Түркістан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу