"Конструктор-көліктерді" тіркеу басталып кетті
көрнекі сурет
Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Сонымен қатар 22 мамырда қосалқы бөлшек түрінде әкелінген автокөліктерді тіркеу басталып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тіркелу үшін көлік иелері:
1) өтініш;
2) ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеру актісін;
3) техникалық байқаудың диагностикалық картасын ұсынуы қажет.
«Конструктор-көлікті» тіркеу үшін машина иесі 200 мың теңге төлеуге міндетті. Сондай-ақ мұндай көлікпен тек ел аумағында ғана қатынауға болады, өзге тұлғаға тіркеуге рұқсат берілмейді.
Көліктерді заңдастыруға өтінімдерді екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. Заңдастыруға қатысты қосымша ақпаратты call-орталықтар арқылы алуға болады.
Астана: 8-7172-53-22-30, 8-775-906-53-16
Алматы: 8-747-733-10-20, 8-7272-76-27-57
Шымкент: 8-700-658-03-87, 8-7252-53-71-06
Ақмола облысы: 8-7162-29-98-48, 8-7162-29-98-13
Ақтөбе облысы: 8-7132-46-24-40, 8-7132-46-24-41
Алматы облысы: 8-702-149-57-20
Атырау облысы: 8-7122-98-23-15
Абай облысы: 8-702-761-48-66
Батыс Қазақстан облысы: 8-705-124-65-47, 8-7112-92-17-17
Жамбыл облысы: 8-7262-99-76-46 Жетісу облысы: 8-7282-60-75-13, 8-705-733-76-16
Қарағанды облысы: 8-702-236-84-10
Қостанай облысы: 8-747-847-38-42, 8-7142-52-69-63
Қызылорда облысы: 8-705-102-68-41, 8-7242-21-20-93
Маңғыстау облысы: 8-7292-47-45-69, 8-701-777-43-62, 8-701-555-83-80
Ұлытау облысы: 8-705-303-51-27
Павлодар облысы: 8-7182-37-77-35
Шығыс Қазақстан облысы: 8-707-914-14-38, 8-7232-23-41-59
Солтүстік Қазақтан облысы: 8-7152-32-00-19, 8-7152-32-00-22
Түркістан облысы: 8-708-157-42-01, 8-7253-35-86-37.