23 қаңтарда шетелдік көліктерді заңдастыру басталады
kolesa.kz
Екі күннен кейін шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталады. Көлікті заңдастыруға өтінім беру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын автобустар, шағын жүк көліктер, оң жақ рульді автокөліктерді заңдастырудағы талаптарға тағы да тоқталып өтейік.
Негізгі талаптары:
- автокөлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;
- криминалдық есепте болмауы тиіс;
- бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
- Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлікті кедендік тазарту өткізу қажет.
Өтінімді е-gov.kz электронды үкімет порталы, банк қосымшалары, ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторы» арқылы беруге болады.
Керек құжаттар: өтінім, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлігі, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.
Төленетін мемлекеттік алымдар:
-Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге;
-Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;
-Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.
Сондай-ақ шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша сall-орталықтар жұмыс істейтінін еске саламыз:
Астана қаласы +7 7172 532 230
Алматы қаласы +7 747 733 10 20
Шымкент қаласы +7 7252 537 106
Абай облысы +7 702 761 48 66
Ақмола облысы +7 7162 299 813
Ақтөбе облысы +7 7132 462 440
Алматы облысы +7 775 576 02 26
Атырау облысы +7 7122 982 315
БҚО +7 705 124 65 47
Жамбыл облысы +7 7262 997 646
Жетісу облысы +7 7282 607 513
Қарағанды облысы +7 7212 415 390, +7 702 236 84 10
Қостанай облысы +7 747 847 38 42
Қызылорда облысы +7 7242 212 096, +7 705 102 68 41
Маңғыстау облысы +7 7292 474 569
Павлодар облысы +7 7182 377 735
СҚО +7 7153 330 022, +7 7153 320 019
Түркістан облысы +7 7253 358 637
ШҚО +7 7232 235 720, +7 7232 234 159
Ұлытау облысы +7 777 626 09 86, +7 705 303 51 27