Абай облысы: елді мекендерге өрттен төнген қауіп жойылды
Фото: t.me/KZgovernment
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысының Бородулиха ауданында табиғи өртті сөндіру бойынша ТЖМ базасында жедел республикалық штаб отырысын өткізді.
Отырыс барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың баяндамасы тыңдалып, қазіргі ахуал туралы төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев ақпарат берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ өрт болған жерден төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков баяндады.
24 мамырда сағат 09:00-дегі жағдай бойынша өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 434 адам және 109 техника, екі тікұшақ және өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.
ТЖМ кеше қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облыстарының жеке құрамынан 133 адамды және 26 техниканы жіберген.
Бүгін таңертеңгі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша елді мекендерге төнген қауіп жойылды. Өртті оқшаулау және жою бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр.