KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Ұлан және Глубокое аудандарында өрт толықтай ауыздықталды

9.09.2022, 09:26 258

Ұлан ауданының Тарғын ауылындағы және Глубокое ауданының Каменный карьер кентіндегі өрт толығымен өшірілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО әкімінің айтуынша, өңірдегі өрт жағдайы тұрқты бақылауға алынған. Катонқарағай ауданының Қаратал ауылында да өрт ауыздықталды.

-        Тұрғындар мен елді мекендерге төнген қауіп жоқ. алайда, Күршім ауданында жағдай шиеленісіп тұр. Өрт сөндірушілерге қатты жел кедергі келтіріп жатыр. Қазір өртті сөндіруге 300-ге жуық адам, 2 тікұшақ және 34 бірлік техника жұмылдырылды. Мұнда жұмыс тәулік бойы күндіз де, түнде де жүргізіліп жатыр. Өрттің елді мекендерге таралуына тосқауыл қойылды, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Ал,  Алтай ауданында 2 тікұшақ жұмыс істеуде, 150 тоннадан астам су құйылды. Отпен күреске барлық күштер бағытталып отыр. Өрттің таралуына жол берілмей, өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары барынша жүріп жатыр.

-        Мен Төтенше жағдай министрімен келіссөздер жүргіздім, облысқа жету қиын таулы жерлерде өртті сөндіру үшін тағы 2 тікұшақ келеді. Бүгінгі күні өртті жоюға барлығы 1167 адам, 123 бірлік техника, 5 МИ-8 тікұшағы, 2 МИ-2 тікұшағы, 1 Еврокоптер, 4 отын құюшы жұмылдырылды. Жағдай толығымен бақылауда. Жергілікті жерлерде орман басқармасының, ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмыс істеуде. Шаруа қожалықтарының техникасы да жұмылдырылды, - деп түсіндірді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу