KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 2 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі әлі сақталуда

Фото: Altaynews

29.05.2023, 20:18 773

Өңірде қалыптасқан тұрақты ыстық, құрғақ ауа райына байланысты Шығыс Қазақстан облысының ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

Өңірде өрт қауіптілігі төмендегі мынадай санаттарға жіктелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.   

1 санат: Марқакөл;

3 санат: Өскемен қаласы;

4 санат: Риддер қаласы, Алтай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Күршім, Катонқарағай аудандары;

5 санат: Самар ауданы.

Бастапқы кезеңде жануды жедел бақылау үшін ШҚО ТЖД қызметкерлері космомониторингті пайдаланады.

– Бүгінгі таңда ғарыштық технологиялардың көмегімен 227 сурет түсірілді. 73 жылу нүктесі тіркеліп, олар жедел пысықталды. Олардың негізгі пайызы азаматтардың абайсызда отпен жұмыс жасауымен және қарапайым қауіпсіздік шараларын бұзуымен байланысты, – деп атап өтті ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Өміржанов.

ШҚО ТЖД халыққа мынаны еске салады:

- аудандардағы өрттердің қауіпсіздігі мен алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруын шектеу;

- бұл кезеңде еш жағдайда шөпті өртеуге, орманда от жағуға болмайды;

- балаларға отпен, сіріңкемен ойнаудың қауіптілігі туралы барынша түсіндіру;

- жол бойында келе жатқан кезде көліктердің терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылдарын лақтыруға жол бермеу.

Саяжай учаскелерінде:

- алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы шарт: су құйылған бөшке немесе өрт сөндіргіш;

- үйлердің жанындағы саяжайлардың аумағын жинау кезінде от жағуға қатаң тыйым салу.

Рұқсатсыз от қою, былтырғы қалдық шөптерді бақылаусыз өртегені және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Профилактикалық рейдтердің нәтижесінде облыста құрылған мобильді топ 31 бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

 Өрт байқалса, дереу "101" және "112" телефондары арқылы хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу