ШҚО құтқарушыларына космомониторинг көмекке келмек
Фото: шартты сурет
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бастап Шығыс Қазақстанның құтқарушылары өртке қарсы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті.
Шөптің жануын сөндіруге 31 рет шығып, 39 га алаңға жайылған 3 дала өртін сөндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айтар болсақ, заманауи мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен күн сайын 24/7 форматында ғарыштық түсірілім деректерін жедел қабылдау және сақтау жүргізіледі.
Сонымен қатар ШҚО ТЖД құтқарушылары табиғатқа және саяжайларға баратын халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы еске салады:
- ашық аумақта болған кезде ешбір жағдайда шөпті өртемеу;
- балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың қауіптілігін түсіндіру;
- жол бойымен жүріп келе жатып, сөндірілмеген темекі тұқылдарын автокөлік терезелерінен лақтырмау;
- өрт анықталған жағдайда дереу "101" және "112" телефондары арқылы хабарлау қажет.
Бау-бақша қоғамдары мен шаруа қожалықтары территорияларын қоқыстардан, құрғақ шөптерден және жанғыш материалдардан уақтылы тазартады.
Бағбандар өз учаскесінде мынадай қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі тиіс:
- су бөшкесі немесе өрт сөндіргіш болуы тиіс;
- мангалды ғимараттар мен бұталардан алыс, арнайы алаңдарда орнату;
- шөпті өртеуге жол бермеу.
Шаруа қожалықтарына:
- ені кемінде 4 м қорғаныш минералданған жолақтарды орындау;
- шаруа қожалықтарының қызметкерлерімен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар ұйымдастыру;
- далада жұмыс істейтін техниканы өртке қарсы заттармен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау.
Жинау агрегаттары – екі өрт сөндіргіш, екі шанышқы күрек және екі сыпырғыш, бір трактор-өрт сөндіргіш, бір шанышқы күрек. Сонымен бірге ұшқын сөндіргіштерді міндетті орнату қажет.