KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Өнеркәсіп өндірісі экспортқа бағытталуы тиіс – ШҚО әкімі

Фото: top-fon.com

20.07.2023, 11:25 610 Оразай Жеңісұлы

Тарбағатай ауданында жылына 25 млн тонна мыс шығаратын тау-кен байыту комбинатын салу жоспарда бар. Ал Ұлан ауданында тантал, ниобий және литий өндіретін байыту кешені тұрғызылады.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың IV сессиясында әкім Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өңір басшысы индустриялық секторда импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды құруға басымдық берілетінін атап өтті.

– Мысалы, жылына 200 тонна уран өндіретін атом электр станцияларына арналған жылубөлгіш жабдықтарды шығаратын «Үлбі ТВС» зауытын айтуға болады. Өткен жылы ҚХР-ға алғашқы тауар жеткізілді, құны – 51 млн доллар. Зауыттың толық қуатын 2024 жылы көре аламыз. Түсті металлургия тау-кен өнеркәсібімен тығыз байланысты болғандықтан алдағы уақытта геологиялық барлау жұмыстарын кеңейтуге, геофизикалық зерттеулер жүргізуге көп көңіл бөлінетін болады, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы өткен жылы Казцинкті шикізатпен қамтамасыз ету үшін енгізілген Стрежан кен орнының полиметалл және мыс-колчедан кендерін игеру жобасы өндіріс көлемін 258 мың тоннаға дейін ұлғайтатынын айтты. 2025 жылға қарай өндіріс ошағының қуаттылығы 360 мың тоннаға жетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу