Қос ауданда кен байыту фабрикасы салынады - ШҚО
![](/kz/uploads/posts/2023-04/ahmetov11.webp)
Өткен жылы өңірдің өнеркәсіп секторында инвестиция көлемі 33 миллиард теңгеге жетті.
Алдағы уақытта екі ауданда тау-кен байыту фабрикасы салынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Тарбағатай ауданында жылына 25 миллион тонна мыс кенін өндіретін комбинат салу жоспарда бар. Бұған тартылатын инвестиция көлемі 217 млрд теңге болады. Ал Ұлан ауданында тантал, ниобий және литий өндіру жөніндегі байыту кешені бой көтереді. Тартылатын инвестиция көлемі 165 млрд теңге болмақ», – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Сондай-ақ, аймақ басшысының айтуынша, облыс орталығында жылына 300 мың текше метр ағаш-жоңқалы тақтай өндіретін зауыт салу жоспарда тұр. Жобаның құны – 72 млрд теңге.
Ал Алтай ауданының Серебрянск қаласында бейорганикалық зауыттың жұмысы қайта жанданады.
Естеріңзге саламыз, бүгін облыс әкімі есеп берді.
Оқи отырыңыз