KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Өнеркәсіп саласында маңызды жобалар іске асырылады - ШҚО

16.12.2022, 11:31 425 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысы - еліміздің басты өнеркәсіптік көшбасшыларының бірі.

Аймақ мырыш, қорғасын, тазартылған алтын және күміс өндірісінің жетекші көлемін құрайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мұнда өнімділігі жылына 200 тонна уран болатын атом электр станцияларына арналған жылу бөлетін жинақтар шығаратын зауыт орналасқан. Биыл ол ядролық сала үшін сертификатталған жеткізуші мәртебесіне ие болды және 46 млрд теңгеге өнім шығарды. Осының арқасында Қазақстан жоғары технологиялық отын өндіретін елдердің тар шеңберіне енді. Бұл мемлекеттің халықаралық деңгейдегі мәртебесін арттыратыны сөзсіз.

Жақын арада бірқатар маңызды жобалар іске асырылмақ. Мысалы, Тарбағатай ауданында қуаттылығы жылына 25 млн тоннаға дейін мыс кені бар тау-кен байыту комбинатының және қуаттылығы жылына 300 мың текше метр болатын ағаш-жоңқа тақталарын шығаратын зауыттың құрылысы. Алынған өнімді шетелге экспорттау көзделген.

Сонымен қатар, Серебрянск қаласының тұрғындары жергілікті бейорганикалық өндіріс зауытының қызметін қалпына келтіруді күтуде. Бұл жұмыс қазір жүргізіліп жатыр. Зауыт қайтадан қала құрушы кәсіпорынға айналып, халықты жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу