KZ
Өскемен
-10°
плотный туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Өскеменде көпбалалы анаға пәтер кілті табысталды (видео)

11.05.2024, 17:10 760 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығындағы жұртшылық алғаш рет Аналар күнін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бұл мереке биылдан бастап күнтізбеге еніп отыр. Қала орталығындағы Арбатта өткен шараның мән-маңызы зор.

- Бұл әйелдің қоғамдағы рөлін айқындап, аналардың мәртебесін асыратын мереке. Күнтізбеде мұндай атаулы күннің болғаны көңілге қуаныш ұялатады. Бүгін мерекеге орай қолөнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Осылайша, дәстүр де дәріптеліп жатыр, - дейді ШҚО "Jan ana" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлжамал Қаржауқызы.

Іс-шара барысындағы айтулы оқиға көп балалы анаға пәтер кілтінің табысталуы болды. “Асар-Үме” республикалық қорының көмегімен алты бала тәрбиелеп отырған өскемендік отбасы баспаналы болды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу