KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Өскеменде Отбасы күніне орай мерекелік кеш өтті

Фото – автордікі

10.09.2023, 18:00 271

Өскеменде Отбасы күні мерекесіне орай концерт өтті.

Арбатта өткен кешті “Ертіс Концерт” мекемесі мен “Жан ана” қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Президентіміз отбасы құндылықтары маңызды екенін әрқашан айтады. Себебі отбасы мемлекеттің іргетасын қалайды. Әр отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар елдің болашағы. Сондықтан “Жан ана” бірлестігі осындай мереке кезінде қалыс қалмайды. Бүгін біздің бірлестіктегі көпбалалы отбасылардың өкілдері жасаған қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды және концерт пен “тұсаукесер” өтеді. Бірлестіктің ішінде “Мерейлі отбасы” деген жеке байқауымыз бар. Сол байқаудың номинанттарын марапаттаймыз. Концертке бірлестікке мүше аналар мен балалар қатысады, ән айтып, би билейді. Шара “Ертіс концерт” мекемесінің сүйемелдеуінің арқасында өтіп жатыр,  дейді “Жан ана” бірлестігінің төрағасы Гүлжамал Бершімбекова.

Шараға солистерден бөлек, өнер дарыған отбасылар да қатысып, балаларымен бірге ән айтып, би биледі.

Біз әйелім екеуіміз өнер жолында жүрміз. Бүгінгі шараға бала-шағамызбен бірге қатысып, өнер көрсеттік. Жалпы, бізді табыстырған  өнер. Мен  актермін, әйелім кәсіби әнші. Арасында өзім де ән айтамын. Концерт кезінде танысып, араласып кеттік. Қазір отбасын құрып, екі бала тәрбиелеп отырмыз. Екі ұлымыз бізбен бірге өнер көрсетеді. Бұл сахнаға алғаш шығуы емес, дейді ерлі-зайыпты өнерпаздар Хамит Халықұлы мен Айжан Рахымбекова.  Отбасы ең маңызды дүние. Отбасында тыныштық болса, ел де тыныш болады. Ал тыныштық деген ең басты құндылық. Әр отбасына тыныштық, амандық тілейміз. Отбасы күні құтты болсын!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу