KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

Семейде 50 отбасыға пәтердің кілті табысталды

1.12.2019, 18:55 163

Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында облыс әкімі Даниал Ахметов пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгін балалар үйінің 27 түлегі мен 23 көпбалалы отбасы баспаналы болып отыр.

- Мен сіздерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Бұл күнді біз еліміз үшін аса мақтанашыпен атап өтеміз. Бүгін сіздерге жаңа ықшам аудандаңы пәтерлердің кілтін табыстаймыз. Жақын арада мұнда әлемдік деңгейдегі мәдени-спорттық кешен ашылып, балаларыңыз үшін спортпен шұғылдануға жағдай жасалады. Қоныс тойларыңыз құтты болсын. Жақсылық пен бақыт тілеймін. Елімізге сеніңіздер, өздеріңізге сеніңіздер, Отанымызды – Қазақстан Республикасын сүйіңіздер, Тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты шексіз құрметтеңіздер, - деді Даниал Ахметов.

Бүгін баспаналы болғандардың арасында көпбалалы ана Гүлжахар Қоныспаева да бар. Ол алты бала тәрбиелеп отыр, алдағы жылы отбасында тағы бәр сәби дүниеге келмек.

- Облыс пен қала әкімдіктеріне алғыс айтамын. Біз он жыл кезекие тұрдық. Барлық көпбалалы отбасылардың баспаналы болуын тілеймін. Балаларым өз үйіміздің болғанына қуанып жатыр, - дейді Гүлжахар Қоныспаева.

Балалар үйінің түлегі Берік Қайлыбаев үшін екі бөлмелі пәтер алғаны туралы хабар күтпеген жаңалық болған екен. Осыған дейін ол жұбайымен және бір жасар баласымен бірге шағын отбасыларға арналған жатақханада тұрып жатқан.

- Өте қуаныштымын. Кезектеон жылға жуық тұрдым. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Баршаңызға үлкен рахмет! – деді Берік Қайлыбаев.

ШҚО әкімі Берікке теледидар сыйға тартты. Мұндай сыйлық көпбалалы ана Салтанат Қайырбековаға да берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу