KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Өскеменде 29 көпбалалы отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды

6.07.2020, 10:50 176

Бүгін облыс орталығында 29 шаңырақ қоныс тойын тойлап жатыр. Сәтпаев даңғылында салынып жатқан жаңа үйлерден көпбалалы отбасыларға пәтер берілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атаулы күнде тұрғындарды құттықтап, кілт табыстауға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен шаһар басшысы Жақсылық Омар келді.

Айта кетсек, қазір Сәтпаев даңғылының бойындағы драма театрының артында жаңа ықшам ауданның кешенді құрылысы жүргізілуде. Жаңа қоныстанушылар қолданысқа берілген бес үйден пәтер алып отыр.

Баспаналы болып жатқандардың арасында осы қуанышты күнге жете алмай кеткен көпбалалы аналардың балалары да бар екен.

- Қуаныштан жүздері бал-бұл жайнаған жандарды көріп жаның жадырайды. Алайда осы бір күнді жылдар бойы күтіп, көре алмай кеткен көпбалалы анамыз да бар екен. Айнұр Есмұратова кезекке 2014 жылы тұрған. Бүгінде сол баспана  төрт баласына бұйырып отыр, - дейді Толқын Жаханова есімді тұрғын.

Жалпы бұл жаңа ауданда барлығы 48 көппәтерлі үй тұрғызылмақ. Құрылыс жұмыстары карантиндік шаралар кезінде де жалғасуда.

Жыл басынан бері «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 106 отбасы баспаналы болған. Жыл аяғына дейін тағы 193 отбасына пәтер кілтін табыстау жоспарланған. Сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмасымен жекеменшік құрылыс компанияларының инвестициясына 141 көппәтерлі тұрғын үй салынбақ.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив