Шығысқазақстандық полицейлер өмір бойы құжатсыз өмір сүрген әйелге көмектесті
ШҚО-да азаматтарды жеке басын куәландыратын құжаттарсыз анықтау жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері 190-нан астам адам Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылып, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне рәсімделді.
Мәселен, бірнеше ай бұрын Өскемен қаласының полиция басқармасына Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды мүлдем алмаған 48 жастағы тұрғын көмек сұрап жүгінген.
Азамат 90-жылдардағы Ресей Федерациясына 1974 жылғы үлгідегі төлқұжатпен барып, онда 2 жыл тұрып, қайтып оралған. Ресейге кеткенге дейін ол мектепті бітіріп, Шемонаиха ауданында жұмыс істеп және сол елді-мекенде тұрған. 27 жыл бойы әйел құжаттарсыз өмір сүргендіктен, оның ресми жұмысы да болмған. Көші-қон қызметінің қызметкерлері барлық қажетті құжаттарды жинап, Ресей Федерациясынан қажетті құжаттарды сұратуға көмек көрсетті.
Қазіргі уақытта ол көптен күткен құжатын алып, енді ауруханаға жүгініп, ресми түрде жұмысқа да тұра алады.
Осыған байланысты қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну қажеттілігін ескертеміз.