KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Елімізде жол ережесін жиі бұзатындар енді сақтандыру үшін көбірек төлемек

Кеше, 20:00 29 Төлеуғазы Жансая

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда көлікті сақтандыру бағытында түзетулерді әзірледі,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Stan.kz порталына сілтеме жасап. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру қызметін жетілдіру, оның ішінде міндетті автосақтандыруда қолданылатын "бонус-малус" жүйесін жақсарту үшін нормативтік актілерге түзетулер әзірленді. Соның ішінде негізгі өзгеріс –санатты 18-ге дейін кеңейту, ал ең төменгі санат М2 болмақ.

Түсіндірме жазбада атап өтілгендей, егер сақтанушының кінәсінен ауыр зардаптармен (қаза болу немесе мүгедектік) жол көлік оқиғасы болса, оның санаты автоматты түрде м2-ге дейін төмендейді. Жүйе, сонымен қатар, апаттың жиілігін ғана емес, зақымданудың ауырлығын да ескереді.

Жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты коэффициенттер де енгізіледі. Бірнеше жол жүру ережесін бұзғаны үшін (мысалы, жылдамдықты арттыру немесе мас күйінде жүру) полис ұстаушының санатын төмендетеді. Сәйкесінше сақтандыру полисінің құны көтеріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив