KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
523.2 594.3 6.38

Сақтандыру ұйымдарының таза пайдасы артты

Фото: egemen.kz

20.07.2023, 09:25 249

Жыл басынан бері елдегі сақтандыру ұйымдары 87 мдрд теңге таза пайда тапқан көрінеді.

Сақтандыру сыйлықақыларының көлемін адам басына шаққандағы нәтиже 42 300 теңгені құрайды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша сақтандыру секторының таза пайдасы 87 млрд 241 млн теңге болды. Бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 165% артық", - деп жазылған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сақтандыру секторының жағдайы туралы сипаттамасында.

Агенттік дерегіне сенсек, сақтандыру секторындағы активтердің елдегі жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2,15% болып отыр. Ал сақтандыру сыйлықақыларының ЖІӨ үлесі – 0,79%. Сақтандыру сыйлықақыларының көлемін адам басына шақсақ, әрбір қазақстандыққа 42 300 теңгеден келеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу