KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 6,4 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Республика күніне арналған мерекелік іс-шараларға шақырамыз!

gov.kz

Бүгін, 12:00 0 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында Республика күнін мерекелеуге арналған түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді. Сіздерді осы іс-шараларға қатысуға шақырамыз:

21-27 қазан

  • Оралхан Бөкей атындағы кітапхана (Славский көшесі, 22)
    Сағат 10:00-15:00 аралығында қазақстандық фильмдерді көрсету апталығы өтеді.

22 қазан - 1 желтоқсан

  • Шығыс Қазақстан өнер мұражайы (Тоқтаров көшесі, 47а)
    Сағат 09:00-17:30 аралығында көне карталардың көрмесі ашылады. Көрмеде Қазақ мемлекеті XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталарда қалай бейнеленгені көрсетіледі.

25-26 қазан

  • «Гостиный двор» сауда кешені
    Сағат 10:00-де жергілікті тауар өндірушілердің «Made in Oskemen-2024» өнімдерінің көрмесі өтеді.

  • «Қазақстан» тауына жаппай жүгіру – «OSKEMEN RUN»
    Сағат 11:00-де жүгіру жарысы басталады.

  • Үлбі жағалауы
    Сағат 11:00-де мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

  • «Восток» стадионы
    Сағат 14:00-де футболдан Қазақстан Республикасының біріншілігі өтеді.

25 қазан

  • Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің қатысуымен мерекелік концерттер өтеді:
    • Сағат 12:00-де - «АДК River» 1 қабаттағы фойеде
    • Сағат 14:00-де - «Император» сауда үйі
    • Сағат 16:00-де - Арбат
    • Сағат 18:00-де - Комендант

26 қазан

  • Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы (Протозанов көшесі, 43)
    Сағат 15:00-де Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті өтеді.

Баршаңызды мерекелік іс-шараларға қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен Республика күнін қарсы алуға шақырамыз!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив