KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Тоқаев Қалжыр өзенін ластағандарды жазалауды тапсырды

22.09.2021, 14:23 230

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенінің ластануына кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Берік Уәлидің айтуынша, "Айқын" газетінің бүгінгі нөміріне "Қалжырды кім ластап жатыр?" деген мақала жарияланған. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген.

"Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне бұл проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді", - деп жазды Берік Уәли.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу