KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
480.55 533.75 5.36

ШҚО-да медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

21.06.2021, 10:14 300

Шығыс Қазақстанда медицина қызметкерлері күніне орай ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіледі. Бұл күні адамдар дәрігерлерге, орта және кіші медициналық қызметкерлерге, жедел жәрдем жүргізушілеріне және адамдардың игілігі үшін қызмет көрсеткен жандарға шынайы алғысын білдірді.
2020 жыл аймағымыздың денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Пандемия кезінде вируспен күрестің алдыңғы шебінде дәрігерлер жүрді. Бұл сынақ ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы орынын айқын көрсетті.
Шығыс Қазақстанда 4,5 мыңға жуық дәрігер, 12 мыңға жуық орта медициналық персонал бар. Олар ауруға шалдыққан әр науқасқа қол ұшын созды. Адам өмірінің әр минутын бағалап, талай жанға өмір сыйлады.
Облысымызда медицина саласы қарқынды дамып келеді. Емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің дамуымен, бастапқы медициналық-санитариялық көмектің қазіргі заманғы моделімен, профилактикалық скринингтердің жаңа нысандарының енгізілуімен, кадр ресурстарының және материалдық-техникалық базаның дамуымен сипатталады.
Аймақ басшысының қолдауының арқасында қазіргі заманғы емдеу-алдын алу мекемелерінің құрылысына, жоғары технологиялық медициналық жабдықтарды жөндеуге және сатып алуға айтарлықтай қаржы бөлінеді. Өңірде бірнеше жылдан бері республикалық және шетелдік клиникаларда денсаулық сақтау мамандарын оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы іске асырылуда.
Сонымен қатар, облысымыздағы 125 медицина қызметкері "денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін" мемлекеттік ерекшелік белгісімен, 116 адам "денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісімен, 115 маман денсаулық сақтау министрінің грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.
Мереке қарсаңында облыс әкімі Даниал Ахметов облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен Өскемендегі Ана мен бала орталығына келіп, медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті.
Жоғары білікті маман, 35 жылдық тәжірибесі бар дәрігер Динара Сәдуақасова медицина қызметін – мамандық емес, өмір салты деп санайды.

- Медицина саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп ой түйдім. Өлім мен өмір арасында арпалысып жатқан науқастың соңғы үміті ол – дәрігерде. Сондықтан біз мойынымызда қандай жауапкершілік тұрғынын білуіміз керек. Олардың жолында жүрген кез-келген дәрігер науқасты физикалық және психикалық азаптан құтқару үшін барлық шараларды қабылдауы керек. Бұл дәрігер мамандығын бір рет таңдаған кез-келген адамның парызы, – дейді Динара Жамбылқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив