KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Шығыс Қазақстанда мың жарымға жуық медицина қызметкері қауіпті індетті жұқтырды

17.11.2020, 10:01 143

Бүгінде облыс стационарларында 533 дәрігер және 1,5 мыңға жуық орта буынды медициналық қызметкер еңбек етеді.

Төсек қорының артуына байланысты қосымша 148 дәрігер мен 212 медбике тартылды. Сондай-ақ, 140 дәрігер мен 197 орта медициналық мамандар резерві бар.

 Пандемия кезеңінде Шығыс Қазақстанда барлығы 1423 медицина қызметкері қауіпті індетті жұқтырды, оның ішінде 8 адам қайтыс болды.

Жалпы жағдайлардың 745-і өңірлік комиссияда қаралды, оның шешімі бойынша 631 жағдай бір жолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру бойынша ҚР ДСМ бұйрығының талаптарына сәйкес болып шықты.

 Біржолғы әлеуметтік төлемді өңірлік комиссия мақұлдаған барлық медицина қызметкерлері, оның ішінде қайтыс болған 8 дәрігердің отбасылары алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив