KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қызына алимент төлемей, жалтарып жүрген әйел анықталды - ШҚО

4.05.2021, 11:01 217

Шығыс Қазақстан облысында жылдың басынан алимент төлеуден жалтарып жүрген 158 азамат анықталды, деп хабарлайды Altaynews сайты ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылы сәуір айының аяғында Өскемен қаласы ПБ көші-қон қызмет бөліміне кәмелет жасқа толмаған қызына алимент төлеуден жалтарып жүрген 40 жастағы әйелге қатысты Өскемен қаласының сотынан ұйғарым келіп түсті. Аталған азаматты тез арада іздестіру шаралары ұйымдастырылып, жеке басы анықталды.

- Азаматтың 300 000 тг-ден аса қарызы болған. Қарызды өндіру үшін істі жеке сот орындаушылар палатасына жолданды. Полиция қызметкерлерімен алимент төлеу, борышкерлер және туыстық қатынастарын жоғалтқан азаматтарды анықтау бойынша күнделікті жұмыстар жүргізілуде, - деп айтты ШҚО ПД Көші-қон қызметінің бастығы Ербол Бекпаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу