Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамыр айындағы мерекелерінде қалай жұмыс істейді?
«Азаматтарға арналған үкімет» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының хабарлауынша, келесі айда халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін демалыс күндері 1, 2, 7, 9 және 10 мамыр болады. Дүйсенбі, 3 мамырда ХҚО сенбі күні үшін жұмыс істейді, сондықтан бөлімдер 09:00-ден 15:00-ге дейін ашық.
Қызмет алушылардан келуді алдын ала брондауды сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Өскемен және Семей ХҚО-тары азаматтарды кезекті алдын ала брондау бойынша қабылдайды. Мұны төрт жолмен жасауға болады: eGov.kz порталда, eGovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы немесе 1414 бірыңғай колл-орталығына қоңырау шалу арқылы.
Ол үшін «ХҚО-қа кезекті брондауды» қызметтер тізімінен таңдау, жеке деректерді толтыру, күнін, уақытын, бөлімін таңдау және тағайындалған уақытқа дейін 5-10 минут бұрын келу қажет. Сәтті брондау кезінде телефонға SMS растау келеді.
- Азаматтарды барынша онлайн режимде жүгінулеріңізді сұраймыз, өйткені бүгінгі күні ХҚО-қа бармай-ақ алуға болатын қызметтердің 90% - ы электрондық форматқа ауыстырылды. Егер сізге қажетті қызмет әлі онлайн қолжетімсіз болса, орталыққа келуді алдын ала брондаңыз, ХҚО - қа барған кезде міндетті түрде әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау қажет, сондай-ақ халықтың шоғырлануын аз болуы үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ғана келуін сұраймыз, - деді филиал директоры Азамат Есембулов.
Облыстың Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00 - ден 18.00-ге дейін, сенбі күні-09:00-ден 15:00-ге дейін.