KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Күзде ғана «ремонт» жасаған. Күршімдегі жолға былтыр 110 млн теңге бөлінген (ВИДЕО)

27.04.2021, 16:25 214

Желіде Күршім ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылына апаратын жолдың жарты жыл болмай тоз-тозы шығып жатқаны туралы бейнежазба тарап жатыр.

Иә, жылдар бойы жөндеу көрмеген «Алғабастың жолы жөнделеді» дегенде біраз халық қуанған. Тіпті, мамандар сол кезде бұл жолды ерекше технологиямен қайта жаңартылатын айтқан еді. Енді, міне, жөнделген жолдың сапасы тағы сын көтермей тұр.

- Алғабасқа кетіп бара жатқан жол. Осы күзде ғана «ремонт» жасаған, көріңіздер. Қаншама ақша бөлінген...Жолдың бәрі ойнап кеткен ғой, Құдай сақтасын, жөнделген жолдар осындай болса... - дейді көлікте ойдым-ойдым жолдармен келе жатқан бейнежазба авторы. 


Жалпы Күршім-Алғабас учаскесін жөндеу жұмыстарына былтыр 110 млн теңге бөлінген. Ал жұмыстарды атқарған мердігер - "Марқакөл жолдары" ЖШС.

Осы мәселе бойынша Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарластық. Бөлім басшысына байланыса алмаған соң, Жанболат есімді маманы тұтқаны көтерді. Мемлекеттік қызметкердің этикасын білмейтін жас маман тілшінің қоңырауына қуана қоймаған сыңайлы. Сұраққа жауап бергенді қойып, тіпті, аман-сәлемімізді әрең алды. Осылайша мәселеге қатысты мардымды жауап ала алмадық. 

Тек қолда бар мәлімет бойынша көпшіліктің шағымынан кейін қазір аталмыш учаскеде сараптама жүргізіліп жатқаны белгілі болды. 

- Жаңа төселген асфальт жарты жылда көріп отырғандай, ал 5 жылда не болар? Жаңа құрылыстың кепілі бар шығар жондейді деп үміттенеміз, - дейді күршімдіктер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив