KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 1 м/с, С
491.71 529.97 5.05

«Жаздық не, жазбадық не - бәрі бір». Семейде жаңа балабақшаға апаратын жол жоқ (ВИДЕО)

24.07.2019, 10:42 163

 

Семейліктер «Өрлеу» балабақшасына апарар жолдың адам төзгісіз жағдайда екендігін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, 280 орынға шақталған «Өрлеу» балабақшасының 2018 жылдың желтоқсан айында тұсаукесері өткенін жазған болатынбыз. Алайда, ашылғанына бір жыл да толмаған балабақшаға қатысты ата-аналар өз наразылықтарын білдіруде. Әлеуметтік желілерде осы тақырыптың төңірегінде бір емес бірнеше бейнежазба тарап жүр.

– Міне, мынау жаңа балабақшаға апаратын жол. Жаяу жүргенің былай тұрсын мәшинемен жетудің өзі мұң. Масқара ғой! Халыққа ешқандай жағдай жасалмаған. Мынандай жол бола ма, ми батпақ, – дейді бейнежазба авторы.

Бұдан бөлек, бүлдіршіндер орталығының маңы да ата-аналардың ашуын тудырады.

 – Жаздық не, жазбадық не - бәрі бір. Баламызды көтеріп шықпасақ, олар жүре алмайды, тіпті,қаншама бала бүгін балабақшаға да келмепті, – деп күйінді ата-аналардың бірі.

Бұл мәселеге қатысты ШҚО Семей қаласының Жолаушылар көлігі және Автомобиль жолдары бөлімі мамандарының да айтары бар екен:

– Барлық арыз-талаптарды тыңдадық. Аталған учаске жөндеу жұмысын жедел талап ететін жолдардың тізіміне енетін болады. Дәл қазіргі уақытта бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінген күні-ақ жөндеу жұмыстарын бастаймыз.  Сондықтан, ата-аналарға төзімділік таныта тұруларын өтінеміз, –  дейді бөлім мамандары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив