KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Ломбардтың қызметкері 3 миллион теңге иемденген - Аягөз

16.04.2021, 11:43 163

Аягөз полициясы алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады. Оның әрекеттерінен келтірілген зиян, алдын ала болжам бойынша, 3,1 млн теңгені құрады, деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

41 жастағы қала тұрғыны облыстық полицияға жүгінген. Әйел сарапшы бағалаушы 2020 жылдың басынан бастап 2021 жылдың сәуіріне дейін ломбардтың 3,1 миллион теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын хабарлады.

Тергеу-жедел тобының қызметкерлері күдіктіні полиция бөліміне жеткізді. Іс бойынша ноутбук пен түбіртектер алынды.

Аталған факт бойынша алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив