KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскемен қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болды

3.04.2021, 11:16 375
Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 48 жастағы әйел хабарласты. Ол 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың ақпаны аралығында бейтаныс әйел ақшалай кредит алуға көмектесемін деген сылтаумен 6 100 000 теңгеден астам ақша қаражатын алдау жолымен иемденгенін хабарлады.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен Глубокое ауданының 42 жастағы тұрғынын анықтады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу