KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Energyprom.kz: "2020 жылы Қазақстандағы ең лас қала – Өскемен"

10.03.2021, 15:17 467

2020 жылы Қазақстандағы ауасы ең ластанған қалалар тізіміне Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Жезқазған, Балқаш, Атырау және Теміртау кірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Energyprom.kz мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалардағы атмосфералық ауаның жоғары деңгейде ластануы автомобиль жолдарындағы кептеліске, өндірістік кәсіпорындардың жұмысына және қалалардың атмосфералық кеңістіктің желдетілуінің төмендігіне байланысты.

Атмосфераның ластану деңгейін бағалау үшін бір жылда ауа сапасының екі көрсеткіші қолданылады.

Бірінші индикатор - стандартты индекс. Осы стандартты индекс бойынша ауаның ең жоғары ластану деңгейі 2020 жылы Өскеменде (20,4) тіркелген. Одан кейін Ақтөбе(19,8) және Қарағандыда (19,8) тіркелді. Ал елдегі ең ірі мегаполистер - Шымкент (3.1), Алматы (5.8) және Нұр-Сұлтан (10.7) рейтингтегі тізімді жалғады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу