KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Қазақстандағы ауасы ең қатты ластанған қалалар белгілі болды

6.05.2019, 03:46 234

Қазақстандағы ауасы ең қатты ластанған қалалар белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Energyprom сарапшылары еліміздегі қалалардың ауа сапасына сараптама жүргізіп көрді. Мамандар Энергетика министрлігінің мәліметтеріне сүйене отырып, осы жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша ауасы ең қатты ластанған қалалар тізіміне Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау кіргенін анықтады.  Ал Алматы, Атырау, Өскемен, Ақтөбе, Жезқазған, Семей шаһарлары ластанудың жоғары деңгейіндегі қалалары екені белгілі болды. Ластанудың төменгі деңгейіндегі қалалар: Көкшетау, Орал, Қостанай, Қызылорда, Павлодар.

 

– 2019 жылдың үш айының қорытындысы бойынша, қоршаған ортаны қорғауға 33,1 миллиард теңге бөлінген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 15,6 есеге көп. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында инвестицияның көлемі 2,1 миллиард теңге ғана болған, – делінген сарапшылардың зерттеуінде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу