Перзентхана жұмысы қайта жанданады - Өскемен
Бұрынғы жедел медициналық жәрдем ауруханасы аумағында орналасқан перзентхана жұмысы қайта жанданады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгінде медициналық мекеме босанған әйелдерді, соның ішінде патологиялары бар әйелдерді қабылдауға дайын. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.
- Пандемия белең алған тұста перзентхана аурухана ретінде пайдаланылды, содан кейін ғимаратта күрделі жөндеу жүргізілді. Облыстық онкологиялық орталықта біз мамандармен бірге ПЭТ-жабдықты орнату мәселесін қарастырдық (ол позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография мүмкіндіктерін біріктіреді және онкологиялық және басқа да ауруларды жоғары дәлдікпен диагностикалауға мүмкіндік береді). Екі ғимарат бар және осы заманауи жабдықты қай жерде орнатқан дұрыс екеніне талдау жасалатын болады. Сондай-ақ, облыстық медицина орталығында болдым, мұнда гемодиализ үшін қосымша медициналық техника сатып алуды, сондай-ақ, мұндағы бөлімшелер барлық қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкес келу үшін жөндеу жүргізуді қажет етеді, - деп атап өтті аймақ басшысы.