ШҚО-да бір күнде 90-нан астам шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды
«Мигрант» жедел алдын алу шарасының алғашқы күнінде-ақ 87 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, шетел азаматтары келгені туралы полиция органдарына уақытылы хабарламағаны үшін ҚР 59 азаматы жауапкершілікке тартылды.
- Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетел азаматтың еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 6 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 - шетел азаматы соттың шешімімен елден тысқары шығарылды. Семей қаласында жеке басын куәландыратын құжаты болмаған Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталып, жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату мекемесіне орналастырылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Мигрант» ЖААШ ағымдағы жылдың 16 маусымына дейін жалғасады.