KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

ШҚО-да карантиндік шектеулер бойынша рейд жұмыстары күшейтіліп жатыр

29.01.2021, 10:26 1 052

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулерінің сақталуын бақылау мақсатында күн сайын рейдтер жүргізілуде.


27 қаңтарда санитарлық нормаларды бұзу фактілері екі қалада тіркеліп отыр.


Өскеменде рейд 111 нысанда жүргізілді. Нәтижесінде азық-түліктік емес дүкендерде сатушылардың маскасыз қызмет көрсетуі бойынша 4 факті анықталды.


«Семейде мониторингтік топтар 190 нысанды тексерді. Екі ереже бұзу фактісі тіркелді, атап айтқанда Қозыбағаров, 38 мекен-жайындағы асхананың екі қызметкері маска режимін бұзған. Сонымен қатар рейд барысында 35 автобус тексерілді. Маска режимін бұзуға қатысты 28 адамға ескерту жасалды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу