KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 1 м/с, ОШ
521.9 593.5 6.39

ШҚО-да туберкулезбен ауыратын азаматтардың ай сайынғы төлемін бермеген

27.01.2021, 11:52 217

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында өткен жылғы жұмыс қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.

Өткен жылы ШҚО прокурорларының көмегімен шамамен 400 млн.теңге сомаға 3 мың қызметкерге жалақы бойынша берешек, 375 млн. теңге сомасына алимент өндірілді. Ал қылмыстық жауапкершілікке 91, ал әкімшілік жауапкершілікке 109 борышкер тартылды.

Сонымен қатар, прокурорлар халықтың әлеуметтік осал топтарының қорғалуына да көңіл бөлген. Дәрігерлік-консультативтік комиссия жұмысындағы кемшіліктер, оның ішінде күрделі операция жасалған адамдардың мүгедектігін уақтылы куәландырмау фактілері орын алғаны анықталды.

-  Қадағалау актісімен облыстың 153 тұрғынына жәрдемақы тағайындалып, оңалту бойынша құқықтары қорғалды. Прокуратураның араласуынан кейін туберкулезбен ауыратын азаматтар да ай сайынғы төлемдерін ала бастады. Нәтижесінде 79 млн.теңге төлем сомасында 900-ден астам тұлғаның құқықтары қорғалды, -деп хабарлайды ШҚО Прокуратура баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу