KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Бизнесті қорғау. Субсидия беруді созғандар жазаланатын болды – ШҚО

27.01.2021, 11:06 300

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында өткен жылғы жұмыс қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.

Шектеу шараларының енгізілгеніне қарамастан, прокуратура органдарында өтініштерді қабылдау және кеңестер беріліп жатты. Нәтижесінде прокуратураға 11 мыңнан астам тұлға өз құқықтарын қорғау үшін жүгінген, 6 мыңға жуық өтініш мәні бойынша шешілді. 1875 азамат жеке қабылданды, ал қадағалау органының басшылығы 1159 азаматты қабылдады.

Мәселен, Абай ауданында шаруа қожалықтарының иелері 4 айдан астам инвестициялық субсидиялауға берілген өтініштерінің қаралуын күткен. Тек прокуратура қызметкерлерінің араласуынан кейін ғана олардың өтінімдері қаралып, шешімдерді алған. Қабылданған шаралар нәтижесінде аудан кәсіпкерлерінің барлығы 57 өтінімдері қаралып, субсидиялар беріліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

- Бизнесті қорғау жөніндегі топтардың жұмысы қайта құрылып жандандырылды. Барлығы 100-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Мониторингтік топтар жүргізген тексеру нәтижелері бойынша оларды заңсыз жауапкершілікке тарту фактілерінің жолы кесілді. Мемлекет Басшысының тапсырмаларын сапалы іске асыру мақсатында бизнесмендердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Эксперттік Кеңес жұмысын ширатты. Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп, неғұрлым проблемалық бағыттар бойынша іс-шаралар жоспары іске асырылуда, - деп хабарлайды ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу